ҚР спорт және мәдениет министрлігінің спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеуді жүзеге асыру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Осы орайда қандай жетістікке жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төленетіні және оны алу үшін қандай құжаттар тапсыру керек екені туралы ақпарат ұсынамыз. 

Биылғы бұйрық мәтінінде спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеу мемлекеттік қызмет екені жазбаша нақтыланған. Бірақ бұл бұрыннан мемлекет жүзеге асырып келе жатқан қызмет.

№1 Ай сайынғы материалдық қамсыздандыру кімдерге беріледі?

Материалдық қамсыздандыру ел аумағында дене шынықтыру мен спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан азаматтары – спортшылар мен жаттықтырушыларға беріледі:

  1. Олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;
  2. Осы спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға;
  3. Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға;
  4. Спортшы белгіленген талаптарды қайталап орындаған жағдайда материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді. 

Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

"Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Материалдық қамсыздандыруды төлеу өтініш берушілердің ҚР шегінде екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен жүргізіледі", – делінген құжатта.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы бала босанғандар қанша теңге жәрдемақы алады? Әйелдерге пайдалы ақпарат

№2 Материалдық қамсыздандырудың мөлшері қандай?

  • Олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға – 100 АЕК;
  • Олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға – 100 АЕК.
  • Осы мөлшердің 1-тармағында көрсетілген бірнеше негіздер бойынша бір мезгілде материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру тек бір негіздеме бойынша ең жоғары мөлшерде төленеді.

Оқи отырыңыз: Пітір мен підия. Рамазан айында берілетін садақалар қандай?


№3 Бұған дейін материалдық қамсыздандыру мөлшері қандай болды?

  • 2021 жылы спортшылар мен жаттықтырушылар үкіметтің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысына сәйкес 24 АЕК – 70,008 теңге алып жүрді.
  • 2022 жылдан бастап мөлшері 100 АЕК – 306 300 теңге болып өзгерді. 
  • 2023 жылы АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты, 345 мың теңге төленеді. 

№4 Материалдық қамсыздандыруды алу үшін спортшылар қандай құжат ұсынады?

  • осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • еңбек кітапшасы не дене шынықтыру және спорт саласындағы жиырма жылдық еңбек өтілін растайтын төменде санамаланған құжаттардың кез келгені:
  • тоқтатылған күні мен негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
  • жұмыс берушінің еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінділер;
  • жұмыскерлерге жалақы беру ведомствосынан үзінділер;
  • жұмыс беруші қол қойған және оның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  • жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
  • Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі.

Оқи отырыңыз: Құтқарушыларға лауазымдық жалақының 70 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төленеді


№5 Материалдық қамсыздандыруды алу үшін жаттықтырушылар қандай құжат ұсынады?

  • осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • еңбек кiтапшасы не жаттықтырушының жиырма жылдық жұмыс өтілін растайтын төменде санамаланған құжаттардың кез келгені:
  • тоқтатылған күні мен негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
  • жұмыс берушінің еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінді көшірмелер;
  • жұмыскерлерге жалақы беру ведомосынан үзінділер;
  • жұмыс беруші қол қойған және оның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  • жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
  • жұмыс орнынан (егер жаттықтырушы өтініш берген кезде жұмыс істемеген жағдайда – ұлттық олимпиада комитетінен, ұлттық паралимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) өзінің олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын анықтама;
  • өзі жаттықтырған спортшының олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.