Сеулге саяхат: 2023 жылғы күз бен қыста қонақтарды не күтеді?
Қазақстан мен Корея түрлі салада, соның ішінде саясат, экономика және мәдени қарым-қатынаста тығыз байланыс орнатып келеді. 1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері соңғы 30 жыл ішінде, одан кейін 2009 жылы "стратегиялық әріптестік" орнағаннан бері достық және ынтымақтастық байланыстар қарқынды дамып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстандықтар Кореяға емделу үшін де жиі барады. Пандемияға дейін бұл көрсеткіш жыл сайын 40% өссе, қазір Орталық Азия елдерінен Сеулге медициналық туризм үшін келетін пациенттердің 63 пайызы Қазақстаннан. Newsweek журналының 2023 жылғы әлемдегі ең жақсы ауруханалар тізіміне енгізілген 18 корей ауруханасының 13-і Сеулде орналасқан. Дегенмен емделіп қана қоймай, жұлдыздарын бүкіл әлем білетін қаланы тамашалауға баратындар да жетерлік. Осы орайда Informburo.kz Сеул қаласының ең көрікті жерлері туралы мәлімет, мекенжай және жұмыс уақыты туралы ақпарат ұсынады.
Былтыр ашылған Көк үй Сеулдің жаңа көрнекті орнына айналды. Мұнымен қатар Кенбоккун сарайының алдында орналасқан Кванхвамун алаңына келушілер демалып қана қоймай, Корея тарихымен терең таныса алады.
Жақында Сеулде жаңа альпинистік туризм орталығы ашылып, ерекше қызығушылық тудыратын нысанға айналды. Сеул қаласынан 30 минуттық жерде көптеген әдемі таулар бар. Пукхансан тауындағы альпинистік туризм орталығына келген кезде дене мен аяққа арналған киімді жалға алуға болады.
Оқи отырыңыз: Кореялық K-pop әртісі Kisu: Алматының ұнағаны соншалық, осында бейнебаян түсіргім келеді
"Биылғы жылдың екінші жартысында Сеулде айтулы іс-шаралар өткізу үшін біз қызу дайындық жүргізіп жатырмыз. Күзде сән және гастрономия фестивалі, қыста "Сеул шамдары" фестивалі мен Кванхвамун алаңында үлкен базар ұйымдастырылады. Сондай-ақ т.б. мерекелік іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр. Сеулдің тартымды имиджін бұдан да жақсарта түсу үшін сіздермен тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату маңызды екенін жақсы түсінемін", – деді Сеул қаласы туризм ұйымының бас директоры Киль Ки
Ён.
Сауықтыру туризмі
- Шығыс медицинасының кешенді тәжірибесі – Seoul K-Medi Center.
- Шығыстың шөп шайларымен емдейтін ерекше терапия.
- Бұлыңғыр қаладағы ашық түстер – Чогес ғибадатханасындағы Темплстей.
- Қызыл адамтамыр пайдаланылатын спа процедуралар – Мендон ауданындағы Spa1899.
Seoul Lantern Festival 2023
Бұл жыл сайын қараша айында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін шамдар фестивалі.
4 Main Types of Seoul Lifestyle
- Сұлулық пен сән білгірлері үшін стильді өмір салты.
- Білімқұмар және жігерлі жандар үшін қызықты оқиға іздеушінің өмір салты.
- Корей тағамдарын бағалаушы, тағам талғаушылар.
- Халлю жанкүйерлері, болашақ k-pop жұлдыздарының өмір салты.
Сұлулық пен сән білгірлері үшін стильді өмір салты
1. Өзіңізге жарасатын түстерді таңдаңыз
Өз корейлік макияжыңызды ойлап табыңыз – Amore Pacific Flagship Store (Seongsu). Теріңізбен тамаша үйлесетін ерін далабы мен реңкілік иісмайды жасап шығарыңыз. Мекенжайы: 7, Achasan-ro 11-gil, Seongdong-gu (Seongsu м.с.-нан 4 минуттық жерде). Жұмыс сағаты: 10:30-20:30 (дүйсенбі демалыс).
VIC’S LAB KOREA – Косметика жасау шеберлік класында қалауыңыз бойынша тамаша ерін далабы мен басқа да тері күтімі өнімдерін жасап шығарыңыз. Мекенжайы: 4F, 248-2, Donggyo-ro, Mapo-gu. Жұмыс сағаты: 11:00-17:00 (дүйсенбі демалыс).
Оқи отырыңыз: Алтынемел ұлттық паркінде жаңа визит-орталық ашылды
2. Нағыз корей сұлулығы мен сəнінен лəззат алыңыз
Beauty Play – әртүрлі косметикалық өнімдерді жəне бір күндік макияж сабақтарын қарап көріңіз. Мекенжай: 4-қабат, 73 Myeongdong-gil. Жұмыс сағаттары: 10:30-19:00 (жексенбі демалыс).
Sulwhasoo Bukchon Flagship Store Sulwhasoo компаниясының əртүрлі өнімдерімен жеке танысыңыз. Мекенжай: 47 Bukchon-ro, Jongno-gu (Anguk м.с.-нан 10 минуттық жерде). Жұмыс сағаттары: 10:00-20:00.
3. Мәңгі жадыңызда қалатын естелік
Ихва корейлік мектеп формасын жалға алу. Корей мектеп формасын киіп, Джамсилде ерекше күн өткізіңіз. Мекенжайы: 212, Olympic-ro, Songpa-gu, жерасты сауда орталығының 1-қабатында орналасқан. Жұмыс сағаттары: 9:00-22:30.
Life4Cut фотостудиясы. Достарыңыз, отбасыңыз жəне жақын адамдарыңызбен ерекше естеліктерді төрт түсірімді фотосуретте сақтаңыз.
Білімқұмар жəне жігерлі жандар үшін қызықты оқиға іздеушінің өмір салты
1. Жанды жəне қызықты қойылымдар
Painters – жанды кескіндеме мен медиа-көркемөнерді қолданатын фантастикалық қойылым. Мекенжайы: 1-қабат Kyunghyang Art Hill, 3 Jeongdong-gil, Jung-gu. Жұмыс сағаттары: күніне 2 рет (17:00, 20:00), ұзақтығы – 70 минут.
NANTA – барлық жастағы адам ұнататын əлемдік деңгейдегі вербалды емес қойылым. Мекенжайы: 3-қабат UNESCO House, 26, Myeongdong-gil, Jung-gu. Жұмыс сағаты: сейсенбі, жұма – 20:00, сенбі, жексенбі – 14:00, 17:00.
Хондэде баскинг – көрермендермен бірге орындалатын Хондэ аймағындағы көше қойылымдары.
2. Сеул ішіндегі сапардан тəніңіз арқылы лəззат алыңыз
Seoul Tiger Bus – Seoul City Tour Bus: Сеулдің таңғажайып пейзажын тамашалауға болатын Кореядағы қала ішіндегі алғашқы туристік автобус.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге дайындық қалай жүріп жатыр? Фоторепортаж
Seoul Hiking Tourism Center – жаяу серуендеуге арналған жабдықты жалға алып, қаланың қақ ортасында серуендеуге болады. Мекенжайы: Samyang-ro 173-gil, Gangbuk-gu (Bukhansan Ui (2-шығыс) м.ст.-нан 5 минуттық жерде) Жұмыс сағаты: 9:00-18:00 (дүйсенбі демалыс).
Ханяндосон қамал қабырғасы – Сеулдің 600 жылдық тарихын және қаланың керемет көрінісін ашатын қамалға апаратын жол. Мекенжайы: Хехвамун қақпасы – Хынинчжимун қақпасы (4-желідегі Hyehwa м.ст.).
3. Сеулдің дəстүрлі сұлулығына баға беріңіз
Гёнбоккун сарайы. Жұмыс сағаты: 9:00-18:00 (сейсенбі демалыс).
Чхангёнгун сарайы. Жұмыс сағаты: 9:00-21:00 (дүйсенбі демалыс).
Доксугун сарайы. Жұмыс сағаты: 9:00-20:00 (дүйсенбі демалыс).
Чхандоккун сарайы. Жұмыс сағаты: 9:00-18:00 (дүйсенбі демалыс).
4. Күндізгі Сеул: түрлі-түсті ғажайыпқа толы қала
Көк үй (Чхонвадэ) Корея президенттерінің тарихы мен соңынан қалған ізімен танысыңыз. Мекенжайы: 1 Cheongwadae-ro, Jongno-gu (Gyeongbokgung (4-шығыс) метро станциясынан 15 минуттық жерде). Жұмыс сағаты: 9:00-18:00 (сейсенбі демалыс).
Ёыйдо ауданындағы Ханган саябағы. Мекенжай: Yeouido (5-желідегі Yeouinaru м.ст.).
Банпо ауданындағы Ханган саябағы. Мекенжай: Banpo-dong (9-желідегі Sinbanpo м.ст.)
Оқи отырыңыз: Көлсай мен Қайыңды туризмі: Саты шатқалында жаңа экологиялық маршрут ашылды
Намсан тауындағы Сеул мұнарасы. Мекенжайы: Yongsan-gu (3 пен 4 желілер қиылысындағы Chungmuro м.ст.). Жұмыс сағаты: жұмыс күндері – 12:00-21:00; демалыс күндері – 11:00-21:00.
Modern.Han ұсынған Ханбок сабынын жасау. Корейлердің дəстүрлі киімі Ханбок пішінінде сабын жасап көріңіз. Мекенжайы: Cheonggyecheon-ro, Jung-gu. Жұмыс сағаты: алдын ала тіркелу қажет.
5. Түнгі Сеул: түрлі-түсті ғажайыпқа толы қала
Хан өзенінде романтикалық атмосферада қайықпен жүзу. Мекенжайы: Ttukseom Park (7-желідегі Ttukseom Park м.ст.).
Golden Blue Marina клубында яхтамен тур. Мекенжайы: Sebitseom (3, 7 жəне 9 желілер қиылысындағы Express Bus Terminal м.ст.). Жұмыс сағаты: 09:00-22:00.
DDP (Тондэмун Дизайн Плаза) Осы мəдени орталықтағы əртүрлі өнер көрмесін зерттеуге болады. Мекенжайы: Dongdaemun (2, 4 жəне 5 желілер қиылысындағы Dongdaemun History and Culture Park м.ст.) Жұмыс сағаты: жұмыс күндері – 10:00 – 21:00; демалыс күндері – 00:00 – 24:00.
Корей тағамдарын бағалаушы, тағам талғаушының өмір салты
1. Сеулдің дәстүрлі базары
Кванчжан базары. Сеулдегі ең үлкен дəстүрлі базар. Мекенжай: Jongno-gu (2 жəне 5 желілер қиылысындағы Euljiro 4-ga м.ст.) Жұмыс сағаты: 09:00-18:00.
Тхонин дəстүрлі базары. "Ёпчонды" (ежелгі корей тиындары) жергілікті тағамға айырбастаңыз. Мекенжайы: 18 Jahamun-ro 15-gil, Jongno-gu. Жұмыс сағаты: 07:00-21:00.
Оқи отырыңыз: Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы қалай түрленді? Фотоайғақ
2. Сеулдің ыстық нүктесі, Хипджиро
Ыльчжиро – ескі ғимараттарды заманауи атмосферамен үйлестіретін сəнді орын.
3. Корей тағамдарын өз қолыңызбен дайындаңыз
Үй Макколиін дайындау. Сыра қайнату орнында дəмді дəстүрлі күріш шарабы "макколиді" дайындап көріңіз. Мекенжайы: 9, Achasan-ro 49-gil, Gwangjin-gu. Жұмыс сағаты: 10:00-20:00 (жексенбі демалыс).
OME ұсынған K-food аспаздық шеберлік класы. Дəстүрлі базарды зерттеп, чапчхэ, кимчи жəне кимчи-чжон сияқты корей тағамдарын дайындап көріңіз. Мекенжайы: 22-1, Gosanja-ro 46-gil, Dongdaemun-gu. Жұмыс сағаты: тек алдын ала тіркелу арқылы.
4. Ең үздік корейлік көше тағамдары
Мёндонда әртүрлі көше тағамдарынан дәм татыңыз. Мекенжай: 3-шығыс аймағында Myeongdong м.ст.
Чонно-3 "поджанмача" көшесі. Жергілікті дəмді тағамның дəмін татып, ретро-атмосфераны сезініңіз. Мекенжайы: 4-шығыс аймағында Jongno 3-ga м.ст.
Халлю жанкүйерінің, болашақ K-POP жұлдызының өмір салты
1. BTS ізімен Сеулді зерттеңіз
HYBE INSIGHT – BTS эмоцияларын жеке сезінуге болатын мəдени кешен.
Yoojung Sikdang мейрамханасы – BTS-тің дебюттік күндерінен бері сүйікті мейрамханасы.
Jeonjujip, Eulji Dabang – "BTS Season Greetings 2021" түсірілімінің орны.
Джамсиль спорт кешені – BTS мүшелерінің қол іздеріне қолыңызды тигізіңіз.
2. Дорама түсіру орындарына саяхат
Tehran кеңсесінің ғимараты – У ЁнУдың əріптестері оған есіктен кіруге көмектесетін жер. Мекенжайы: CENTERFIELD, Yeoksam-dong, Gangnam-gu.
Yangjae Citizen Forest м.ст. – Гон Ю Сон Ки Хунды Ддакджи ойынына шақыратын жер. Мекенжайы: Shinbundang желісіндегі Yangjae Citizen Forest м.ст.
Дан Бам – дораманың басты кейіпкер Пак Сэ Ро ашқан бар-мейрамхана. Мекенжайы: Itaewon-ro 27ga-gil, Yongsan-gu.
Сэун Чхонге сауда кешені – телехикаядағы негізгі оқиғалар орын алатын ең маңызды орын. Мекенжайы: 160, Cheonggyecheon-ro, Jung-gu.
Оқи отырыңыз: 700 мың теңгемен басталған бизнес. Ауыл кәсіпкері қалай агротуризмді дамытып отыр?
3. K-POP жұлдызы болыңыз
REAL K-POP DANCE – бүкіл əлемнен келген K-POP жанкүйерлеріне арналған бір күндік би сабағы. Мекенжай: Mapo-gu (Line 6 Mangwon).
KING STUDIO – өзіңіздің K-POP əніңізді жазыңыз жəне студияда музыкалық клип түсіріңіз. Мекенжайы: Samseong-ro 75-gil Gangnam-gu.
Сеулге сапардың тамаша болуы үшін маңызды кеңестер
Осы екі ресурстан өзіңізге қажет ақпарат алып, Оңтүстік Кореяның көрікті жерлері туралы видеоларды көре аласыз: Visit Seoul Net, Visit Seoul TV.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 1 сәуірден бастап Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады