Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тамыз айында табысынан айрылған қазақстандықтарға берілетін әлеуметтік төлем туралы айтты:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен, 2 аптаға созылған карантин уақытында азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның көлемі 21 250 теңге болмақ. Қазақстандықтар осы соманы міндетті түрде алады.
Әлеуметтік төлем алу үшін Egov.kz, 42500.enbek.kz порталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы өтініш беруге болады. Өтініш қабылдау уақыты 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Шілде айында 42500 теңге әлеуметтік төлемін алған азаматтарға карантин шараларының 2 аптаға созылуына байланысты ҚР ең төменгі еңбекақының жартысы автоматты түрде аударылады. Ал, әлеуметтік төлемге карантин ұзартылғаннан кейін алғаш рет өтініш берген жандарға 63750 теңге (42500 теңге + 21250 теңге) тағайындалады.
30 шілдеге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан бір реттік төлем алуға 2,3 миллионнан астам адам өтініш берген. Қазірге дейін әлеуметтік төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ал, 2 млн 58 мың азаматқа ақша аударылды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда карантин шаралары тағы екі аптаға созылған болатын. Карантин уақыты 17 тамызда аяқталады деп күтілуде.