Жеке куәлікті 1-7 күнде қанша теңгеге жедел жасатуға болады?
Қазақстанда жеке куәлікті жедел жасату бағасы "Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін, жеке басын куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантында" айқындалған.
Оған сәйкес, республикалық маңызы бар қала, облыс орталығы және облыс аудандары мен қалалары үшін келесі бағалар ұсынылған:
Астана, Алматы және Шымкент қалалары:
- 1 жұмыс күні ішінде: 4983 теңге;
- 3 жұмыс күні ішінде: 2752 теңге.
Облыс орталықтары:
- 3 жұмыс күні ішінде: 4983 теңге;
- 5 жұмыс күні ішінде: 2752 теңге.
Облыс аудандары мен қалалары:
- 7 жұмыс күні ішінде: 1116 теңге.
Оқи отырыңыз:
- Жеке куәлік пен паспортты кім және қалай тегін жасата алады?
- Жеке куәлікті қалай қайта жасатуға болады?
- Жеке куәлігін жиі жоғалтатындар мемлекеттік баж салығын көбірек төлейді