Жол апаты кезінде сақтандыру төлемін сот шешімінсіз алуға болады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр.Агенттіктің Сыртқы коммуникация басқармасының хабарлауынша, автосақтандырудың мұндай жеңілдетілген тәртібі еурохаттамаға енгізілген. Қазіргі кезде еурохаттама Еуропаның көптеген елдерінде және ТМД-ның Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Өзбекстан сияқты бірқатар елдерінде ұсынылған.
"Еурохаттамаға сәйкес жол-көлік оқиғасы туралы құжаттар жеңілдетілген түрде ресімделеді, ондай ресімдеу жол полициясының қызметкерлері қатыспай және сот шешімі шығарылмай жүзеге асырылады. Бүгінгі күні жолдарда зардап шеккен адамдарсыз және ЖКО қатысушылары болып табылмайтын тұлғалардың мүлкіне зиян келтірместен көптеген елеусіз ЖКО орын алуда. Сақтандыру төлемін алу үшін ЖКО қатысушылары жол полициясы қызметкерлерінің келуін күтеді, хаттамаларды толтырады және сот шешімін күтеді. Көбінесе бұл процесс екі айға жуық уақытты алады" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Таксиді жеке көлік ретінде сақтандыру автоалаяқтық арасында көш бастап тұр
Соған орай, сақтандыру жағдайын реттеудің қолданыстағы тәртібімен қатар, келесі өзгерістер енгізіледі:
- ЖКО екі көлік құралының соқтығысуы нәтижесінде орын алған;
- ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушыларының көлік құралдарына ғана зиян келтірілген (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған кезде үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпеген);
- ЖКО қатысушыларында сақтандыру полисі болған;
- ЖКО-ға қатысушыларда ЖКО-ға кінәліні анықтау мәселесінде келіспеушілік болмаған;
- ЖКО-ны ресімдеу сот шешімінсіз және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асырылған;
- сақтандыру төлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша 100 АЕК шегінде жүзеге асырылған жағдайларда Еурохаттаманы қолдану болжанады.
Оқи отырыңыз: Өмірді сақтандыру не үшін қажет? Пайдалы кеңес
Осылайша, бұл рәсім ЖКО-ны ресімдеу және зардап шеккен адамдардың сақтандыру төлемін алу мерзімін айтарлықтай қысқартады.
ЖКО-ны ресімдеу ЖКО-ның қатысушылары қандай сақтандыру компаниясында сақтандырылғанына қарамастан Бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.