Тікелей эфир

Өмірді сақтандыру не үшін қажет? Пайдалы кеңес

Қазақстанда 26 сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысады.

Адам өмірі күтпеген және кездейсоқ жағдайларға толы. Болашақ туралы ойлана отырып, әркім өзін және отбасын мүмкіндігінше кез келген күтпеген жағдайлардан қорғауға тырысады. Осы орайда қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған Fingramota.kz сайты өмірді сақтандыру не үшін қажет екенін және қазақстандық сақтандыру нарығының қызметін түсіндіреді.

Өмірді сақтандыру деген не және ол не үшін қажет?

Бұл сақтандырудың ерікті түрі және полистің бұл түрін сатып алу алдында бірнеше сұраққа жауап беріңіз: сіз отбасында жалғыз асыраушысыз ба, жеке көлік жүргізесіз бе және сіздің кәсібіңіз күнделікті тәуекелдермен байланысты ма, Егер осы сұрақтардың кем дегенде біреуіне "иә" деп жауап берсеңіз, өмірді сақтандыру полисін сатып алу туралы ойланғаныңыз жөн.

Өмірді сақтандыру сақтандырылған адам қайтыс болғанда немесе белгілі бір жас қалған жағдайда сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді. Бұл сізге жазатайым жағдайдың салдарын азайтуға және өзіңіз бен жақындарыңызға қауіпсіздік жастықшасын жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қазақстандық өмірді сақтандыру нарығы сақтандыру өнімдерінің жинақтау және классикалық нұсқаларды ұсынады.

Жинақтау арқылы сақтандыру

Өмірді жинақтау арқылы сақтандыру сақтандыру қорғауында болған кезде және сақтандыру төлемдеріне кепілдік болған кезде ақшаны банк депозиті сияқты көбейтуге мүмкіндік береді.

2020 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Unit-linked өмірді сақтандыру инвестициялық өнімі бойынша инвестициялаудың жеке стратегияларын енгізуге жағдай жасады


Оқи отырыңыз: Туристерге медициналық сақтандыру полисін қалай таңдауға болады? Нұсқаулық


Сақтандырудың жинақтаушы түрлерінің бірі Unit linked инвестициялау стратегиясын таңдауға, өз жинақтарыңызды инвестициялауға, табыс алуға және ең бастысы сақтандыру арқылы қорғауда болуға мүмкіндік береді. Полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сіз инвестициялау уақытында бағалы қағаздар құнының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін жинақталған соманы аласыз. Сақтандыру басталған кезде сақтандыру сомасы мен инвестициялардың ағымдағы құны мөлшерінде сақтандыру төлемін ала аласыз. Бірақ осындай өнімді таңдаған кезде клиент инвестициялық тәуекелдер барын және оны көтеретінін білуі керек.

Агенттік өмірді сақтандыру компанияларының мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуы бөлігінде түзетулерді көздейтін заң жобасын әзірледі. Осы жүйе шеңберінде жасалған жинақтаушы сақтандыру полисі 5% немесе 7% мөлшерінде мемлекеттің қолдауымен балалардың білім алуына ақша қаражатын жинақтау мүмкіндігін ұсынады, бұл ретте ата-анасы еңбекке қабілеттілігінен айырылған немесе ол қайтыс болған жағдайда, балаға сақтандыру шартында жазылған оқудың толық сомасын төлеуге кепілдік береді.

Өмірді классикалық сақтандыру

Бұл жалғыз тәуекелді – қайтыс болуды өтейтін сақтандыру. Сақтанушы сақтандыру шартының талаптарына қарай біржолғы немесе шартта айтылған мерзім ішінде тұрақты негізде жарналар төлеуге тиіс. Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтанушының шартта көрсетілген туыстары төлемді, яғни сақтандыру сомасын алады.

Сақтандыру компаниялары сақтандырылушының еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан, ауруханаға жатқан, жарақат алған және тіпті жазым болғанға дейінгі жағдайлары үшін, негізінде өмірді тәуекелді сақтандыру жатқан полисті ұсынады.  

Тәуекелді сақтандырудың тағы бір кең таралған өнімі – қарыз алушының өмірінде күтпеген жағдайлар туындаса, кредит бойынша негізгі борыш сомасы сақтандыру шарты бойынша төлем есебінен өтеледі. Бұл да қарыз алушының өмірін сақтандыру болып табылады.


Оқи отырыңыз: Жылжымайтын мүлікті сақтандыру дегеніміз не және ол не үшін қажет?


Зейнетақы аннуитеті – зейнетақы баламасы ретінде

Қазақстандықтада зейнетақы төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алу немесе зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда оларды белгілі бір мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі туындап отыр.

Балама ретінде, зейнетақы жинақтарының есебінен төлемді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда алуға болады. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер ерлер – 55 жасқа, әйелдер 52 жасқа (2027 жылдан бастап 55 жас) толған кезде жүзеге асырылады.  

Зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдер ай сайын, сақтандырылушының бүкіл өмір бойына, кем дегенде жыл сайынғы 5% индекстеумен жүзеге асырылады. Сақтандырылушы жазым болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдерді оның барысында пайда алушы (зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлға) немесе сақтандырылушының мұрагерлері алатын кепілдендірілген төлемдер кезеңін қосу опциясы бар.

2021 жылдың басынан 45 жастан бастап кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасау мүмкіндігі ұсынылады. 

Агенттік зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның емес, ерлі-зайыпты жұптың немесе жақын туыстардың қатысуын пайымдайтын бірлескен аннуитеттерді енгізуді жоспарлап отыр. Бірлескен аннуитет жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіріп, кірістерді аннуитет шарты бойынша қайта үлестіруге мүмкіндік береді.

Сақтандыру бойынша төлемге кім кепілдік береді?

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесімен қорғалған. Сақтандыру компаниясы мәжбүрлеп таратылған және сақтандыру компаниясы лицензиясынан айырылған кезде сақтанушыға төлемдерді жүзеге асыруға кепілдік беретін жалғыз жүйе – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры.

Сақтандыру төлемдері бойынша кепілдік тек Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары болып табылатын ұйымдарға ғана жүзеге асырылатынын білу қажет. Бүгінде 27 сақтандыру ұйымының 26-сы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысады.


Оқи отырыңыз: Өміріңіз бен көлігіңізді сақтандыру үшін не істеу керек?


Сақтандыру компаниясын қалай таңдайды?

Сақтандырушыны таңдау кезінде алдымен компанияның сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуын тексеру қажет. Агенттіктің сайтында "Қызмет" бөліміндегі "Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінде" тексеруге болады.

Компанияға қатысты Агенттік қабылдаған шаралар мен санкциялардың бар-жоғын да сайттан тексере аласыз.

Маңызды! Сақтандыру шартымен мұқият танысыңыз. Шартта барлық талап көрсетілуге тиіс: құны, төлем тәртібі, франшиза, сақтандыру жағдайының басталу критерийлері және т.б. Егер шарттың талаптары сізге түсініксіз немесе күмән тудыратын болса компания менеджерінен сұрауға қымсынбаңыз. Басқа сақтандыру компанияларының шарттарын салыстырып, сіз үшін қолайлы және тиімді сақтандыру шарттарын таңдаңыз.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары