14 наурызда Көктөбеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 10:00-де ашық аспан астында "Көктөбедегі Амал күні" атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Оған "Жігіттер" тобы, "Алатау серілері" тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айгүл Қосанова және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысады деп жоспарланған. 

"Алматыда Наурыз мейрамын тойлау Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтуден басталады. Бұл күні мегаполис тұрғындары мен қонақтары Көктөбеге жиналып, қыстан аман-есен шыққанын айтып, бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтайды", – делінген қала әкімдігінің ресми хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: "Амалмен шатастырмау керек". Зейнеп Ахметова Наурыз мерекесі туралы


Еске салайық, 14 наурыз – ескіше шығыс күнтізбесі бойынша наурыздың бірінші жұлдызы. Айдың туған күні, яғни жаңа көктемнің алғашқы күні. Ай есебі бойынша ай 14 күнде толады, 14 күнде кетіліп таусылады. "Толған айдай" деген осы.

Қазақ айдың жаңадан туғанын көргенде: "ай көрдім, аман көрдім. Ескі ай есіркей көр, жаңа ай жарылқай көр" деп қол жайып, айға қарап Алладан тілек тілейтін болған. Бұл ғұрып әлі жалғасып келеді.