Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
Төлем тек Қазақстан азаматтарына жасалады.Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидаларының жобасын жария талқы үшін жариялады.
"Егер бала асырап алу туралы сот шешімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды күшіне енсе және жоғарыда аталған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде іске асыру мүмкін болса, біржолғы ақшалай төлем бала асырап алушылардың біреуіне тағайындалады және төленеді", – делінген ереже жобасында.
Оқи отырыңыз: Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі бөлімге келесі құжаттарды өткізуі қажет:
- Өтініш;
- Баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
- Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Баланың (балалардың) туу туралы куәлігін электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
- Екінші деңгейдегі банкте бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесі.
Ереже жобасын жария талқылауға 12 маусымға дейін қатысуға болады.