Жуырда біржолғы зейнетақы төлемдерін enpf-otbasy.kz онлайн платформасы арқылы Отбасы банктегі шотқа ақша аударуға болады, деп мәлімдеді банк төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов. Сондай-ақ, ол салымшылардың Отбасы банктегі шотына қалай ақша аудара алатынын түсіндірді. 

"Отбасы банкі жүйесінің біржолғы зейнетақы төлеміне қатысты қарапайым шарттары бар. Ол – депозитке 2% көлеміндегі банктің және 20% көлеміндегі мемлекет сыйақысының (бір жылда жиналған сома 200 АЕК-тен аспайтын болса) аударылып отыруы. Сондай-ақ, Отбасы банк депозитіндегі ақшаға БЗТ-ны қолдана отырып тұрғын үйді 3 жыл ішінде алу қажет", – деп түсіндірді Нұрлан Ақшанов. 


Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылды


  • егер банк клиенттері зейнетақыдан артылатын соманы пайдаланбайтын болса, ол БЖЗҚ-ға қайта қайтарылады;
  • зейнетақыдан артылған соманы депозитті жапқан кезде шешіп алуға болмайды. Ол ақша шот жабылғанда БЖЗҚ-ға аударылады;
  • жинақты жақындарымызға пайдалануға рұқсат берген кезде БЗТ ақшасы банк шотындағы БЖЗҚ-ға қайтарылады;
  • депозитті бөлген кезде өзіңізге ғана тиесілі соманы иеленесіз. Депозитке аударылған БЗТ 3 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол мемлекет сыйақысымен қоса зейнетақы қорына қайта аударылады.

Сондай-ақ, БЗТ негізінде қаржыландыру мен салымдарды өзара біріктіруге болады. Мұны олар бір салымшыға тиесілі болса немесе салымдардың бірі біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылса және біріктіру жүргізілетін салымшыға тиесілі болса жасауға болады. 


Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын қандай мақсаттарға пайдалануға болады?


Бұдан өзге:

  • интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған салымдарды сатуға тыйым салынады;
  • оларды үшінші тұлғаның кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды;
    бір жолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банктегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалады.