The Verge басылымының хабарлауынша, YouTube видеохостингінің бас директоры Нил Моханның жасанды интеллект көмегімен жасалған әрі сапасы төмен контент тарататын арналарды сынға алғанынан кейін, хостинг мұндай арналармен күресті бастап кеткен. 

Қазірдің өзінде 5,9 миллион жазылушысы бар CuentosFacianantes және 5,8 миллион жазылушысы бар Imperio de Jesus арналарының көзі жойылған.

Олардан бөлек, әрбіріне 2 миллионнан астам адам жазылған тағы 16 YouTube арнаның езекте тұрғаны белгілі болды. Олардың қатарында Hеroes de Fantasia, Adhamali-0, Roupa25, Super Cat League және басқалар бар.

Еске салайық, хостинг басшысы Нил Мохан 2026 жылғы қызметінде жасанды интеллект көмегімен сапасыз контент әзірлеп тарататын арналармен күреске басымдық беретінін айтқан болатын.