Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Bincloud қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Алаяқтар WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тартқан.

"Bincloud бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады. Сонымен қатар, клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі. 

Агенттік мамандары аталған қаржылық пирамидасына қаржы аударғандар болса, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды. 


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасына кірген адамды қалай құтқаруға болады?