Тікелей эфир

Қаржы пирамидасына кірген адамды қалай құтқаруға болады?

Отбасы психологы Ержан Мырзабаевтың кеңесін ұсынамыз.

Қаржы пирамидасына кіріп кеткен адамға көмектесуге болады. Бірақ көмектің ең жаманы – ақша беру, дейді отбасы психологы Ержан Мырзабаев. Маман бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

"Бір нәрсеге кіріп кеткен адамға оның істеп жүргені қате екенін айтып, тастауды ұсынсаңыз, дереу қарсылық білдіреді. Сондықтан онымен бірге отырып, сөйлесіп, ол туралы айтып беруін өтінесіз. Сөйтіп ол ойланбаған сұрақтарды қоя бастайсыз, ол білмеген дүниелерді айта бастайсыз, ол қарамаған жақтан қарай бастайсыз. Өзіңіздің де кіргіңіз келетінін айтып, бірге ақша табу үшін қаржыгермен, мамандармен ақылдасуды ұсынасыз. Қаншалық орынды, қандай тәуекелдер бар екенін маман айтады. Адам досын, жақынын тыңдамауы мүмкін, бірақ маман айтса тыңдайды", – дейді Ержан Мырзабаев.

Сонымен қатар маман қаржы пирамидасына кіріп кеткен адамды жалғыз қалдырмауға кеңес береді.

"Өйткені оның күмәнданатын сәттері болады. Сол кезде өзі сияқты пирамидаға кірген адаммен сөйлессе, олар күмәнін сейілтіп жібереді. Ал жанынан жақыны табылатын болса, дұрыс сөз айтатын адам болса, ойланады", – дейді маман.

Ержан Мырзабаев қаржы пирамидасына кіріп кеткен адамға ешбір түрде ақша бермеуге кеңес береді. Айтуынша, бұл оған жасалынатын ең жаман көмек болмақ. 


Оқи отырыңыз: 1300 адамды алдаған Innova Gold қаржы пирамидасының жолы кесілді


 

Серіктестер жаңалықтары