Владимир Путин: Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығы шын мәнінде одақтастық сипатта
Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының одан әрі сенімді дамуы үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеміз, деді Ресей басшысы.Қазақстанға сапары алдында Ресей президенті Владимир Путиннің мақаласы қазақстандық "Казахстанская правда" басылымында жарық көрді.
Бұл мақаласында Владимир Путин мемлекетаралық байланыстың жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірлескен жұмыс жылдарында қалыптасқан тығыз және мейірімді жеке қатынастар куәландыратынын айтты.
"Біз үнемі қоңырау шалып, әртүрлі форматтарда кездесеміз. Екіжақты өзекті мәселелерді талқылап, күн тәртібінде тұрған өңірлік және жаһандық проблемалар туралы пікір алмасамыз, келешекке жаңа жоспарларды да белгілейміз. Ең бастысы – Қазақстан президентімен әрқашан нақты нәтижеге бағдар қоямыз. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының одан әрі сенімді дамуы, елдеріміздің өркендеуі, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз", – деп жазды Владимир Путин.
Ресей президенті Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық интеграцияны белсенді жақтап отырғанын да ерекше атап өтті.
"Біздің мемлекеттеріміз Еуразиялық экономикалық одақ құрудың бастауында тұрды. Оның шеңберінде біз тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, капиталдың ортақ нарығын дамытып отырмыз, реттеушілік және сауда кедергілерін жою бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеміз. Ортақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту ісін де қолға алдық. Мұның бәрі экономиканың түрлі салалары бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді және біздің елдерімізге елеулі пайда әкеледі", – деді Владимир Путин.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Еуразиялық экономикалық одақ – Еуразия кеңістігіндегі интеграцияның маңызды механизмі
- Тоқаев Ресейдің Қазақстанмен шекаралас қалаларында қазақ мектептерінің ашылуына мүдделі
- Қазақстан экономикасына құйылған ресейлік инвестиция жыл сайын өсіп келеді – Путин
- Қазақстан мен Ресей шекаралас аймақтарында 32 миллион адам тұрады