Ұлытау облысының өңірлік нышанын анықтау жөніндегі комиссия шешімімен облыстың төлтаңбасы таңдалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады

"Мамыр айында жарияланған конкурсқа 24 қатысушыдан 80-нен астам жұмыс түскен еді. Комиссия алматылық авторлар Бақытжан Бұқарбай мен Дулат Үсенбаев ұсынған жобаны үздік деп таныды", – делінген хабарламада.  

Төлтаңбада "Ұлытау облысы" деген сөз және қазақ даласының киелі жануары, қазақ танымына жақын құлан бейнеленген.