Ұлытау облысында орманға баруға шектеу енгізіледі
Яғни, жеке тұлғалардың орманға баруына және оған көлік құралдарымен кіруіне тыйым салынады.Ұлытау облысында өрт қаупіне байланысты орманға баруға шектеу қойылады. Бұл туралы "Ұлытау облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қаупі күшейген кезеңдегі шектеу туралы" әкімдіктің қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Жеке тұлғалардың орманға баруына және оған көлік құралдарының кіруіне, Ұлытау өңірінің мемлекеттік орман қоры аумағында жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуіне жоғары өрт қауіпті кезеңге шектеулер енгізу", – делінген құжатта.
Құжат 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.