USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Ұлытау облысында орманға баруға шектеу енгізіледі

Яғни, жеке тұлғалардың орманға баруына және оған көлік құралдарымен кіруіне тыйым салынады.

Ұлытау облысында өрт қаупіне байланысты орманға баруға шектеу қойылады. Бұл туралы "Ұлытау облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қаупі күшейген кезеңдегі шектеу туралы" әкімдіктің қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды

"Жеке тұлғалардың орманға баруына және оған көлік құралдарының кіруіне, Ұлытау өңірінің мемлекеттік орман қоры аумағында жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуіне жоғары өрт қауіпті кезеңге шектеулер енгізу", – делінген құжатта.

Құжат 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау