Ұлттық тестілеу орталығы грант ҰБТ-сына тіркелуге қосымша орындар ашты. Талапкерлер 17 мамыр күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтініш бере алады. Бұл туралы тестілеу орталығы хабарлады

"Ескерту: Тіркелу сайтында көрсетілген бос орындарға ғана тіркеле аласыздар", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Мектеп формасы, су және шоколад. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға кіру ережесін жариялады


Еске салайық, бұған дейін тестілеудің екінші мүмкіндігіне 7-14 мамыр аралығында тіркелуге болатын. Алайда, әлеуметтік желілерде мектеп түлектерінің біразы тіркеліп үлгермегені туралы ақпарат тараған еді.