Ұлттық банк биыл Нархоз университетінде оқу үшін 30 грант бөледі. Түлектер кейін Ұлттық банкте, оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмыс істей алады.

Оқу MBA-дің "Қаржы талдаушысы", "Қаржылық тәуекел-менеджері", "Макроталдау мен болжау" және "Актуарий" бірлескен бағдарламалары аясында өтеді. Конкурстық өтінімдер 2022 жылғы 25 шілдеге дейін қабылданады.

Жоспар бойынша, дәрістер қыркүйек айында басталады. Оқу мерзімінің ұзақтығы – 2 жыл. 

Бағдарламаға қатысу үшін университет сайтында онлайн өтінімді толтыру қажет. 


Оқи отырыңыз: 24-30 маусымда бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі өтеді