Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелерімен толықты, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізу туралы құжатқа қол қойды. Оған сәйкес аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, ал әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі күні мерекеленеді.

"Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді", – делінген АҚДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Қазақ отбасында әкенің орны қандай болған? Қазір қандай?