ҰБТ тапсырушылардың төрттен үші қазақ тілін таңдады
Тестілеу 5 шілдеде мәресіне жетеді.ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялаған Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ басталғалы бері 170 мың рет тест тапсырылғанын хабарлады. Орталықтың мәліметінше, түлектердің 75 пайызы қазақ тілінде, 24,8 пайызы орыс тілінде және 0,1 пайызы ағылшын тілінде тест тапсырған.
Үміткерлердің 67 пайызға жуығы шекті балды жинай алса, биылғы орташа балл – 66.
"Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың ішінде 160 мың өтініш бірінші мүмкіндікке, 130 мың өтініш екінші мүмкіндікке берілді. Қазіргі таңда 170 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін пайдалана бастады. Өткен аптамен салыстырғанда орташа балл 1 баллға жоғарылады", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Оқи отырыңыз:
- ҰБТ-ға дайындалуға арналған 10 онлайн платформа
- Аймағамбетов: Енді грант иелену үшін ҰБТ-ны екі мәрте тапсыруға болады