27 мамырдағы қорытынды бойынша Атырау облысы Құрманғазы ауданының 11-сынып оқушысы ұлттық бірыңғай тестілеуден 134 ұпай жинады. Бұл туралы "Ақжайық" газеті хабарлады

"Жаңаталап ауылдық округі, Хиуаз ауылына қарасты Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің оқушысы Шұғайып Мағжан ҰБТ-дан 134 ұпай жинап, республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті" – делінген хабарламада.