Хиуаз ауылының 11-сынып оқушысы 134 ұпай алған.
27 мамырдағы қорытынды бойынша Атырау облысы Құрманғазы ауданының 11-сынып оқушысы ұлттық бірыңғай тестілеуден 134 ұпай жинады. Бұл туралы "Ақжайық" газеті хабарлады.
"Жаңаталап ауылдық округі, Хиуаз ауылына қарасты Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің оқушысы Шұғайып Мағжан ҰБТ-дан 134 ұпай жинап, республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті" – делінген хабарламада.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07