2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау 12 сәуірде басталып, 25 сәуірге дейін жалғасады. Талапкерлер өтініштерін testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы бере алады. ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. 

Маңызды мерзімдер:

  • 12–18 сәуір аралығында – ҰБТ-ға бір рет қатысуға өтініш беруге болады;
  • 19–25 сәуір аралығында – бір немесе екі рет тапсыруға өтініш беру мүмкіндігі бар.

Негізгі ҰБТ-ға қатыса алады:

  • 2025 жылғы мектеп және колледж түлектері;
  • мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
  • шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
  • қандастар;
  • ЖОО-да шартты түрде білім алушылар.

ЖОО-ға шартты негізде қабылданған студенттер мен колледж түлектеріне төмендегі бес күннің бірін таңдау ұсынылады:

  1. 30 мамыр;
  2. 4 маусым;
  3. 9 маусым;
  4. 12 маусым;
  5. 16 маусым.

Ал қандастарға келесі алты күннің бірін таңдау ұсынылған:

  1. 30 мамыр;
  2. 4 маусым;
  3. 9 маусым;
  4. 12 маусым;
  5. 16 маусым;
  6. 28 маусым.

Тест тапсыру орны, күні мен уақыты өтініш беру кезінде талапкердің өз таңдауымен белгіленеді.

Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.