
2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау 12 сәуірде басталып, 25 сәуірге дейін жалғасады. Талапкерлер өтініштерін testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы бере алады. ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Маңызды мерзімдер:
- 12–18 сәуір аралығында – ҰБТ-ға бір рет қатысуға өтініш беруге болады;
- 19–25 сәуір аралығында – бір немесе екі рет тапсыруға өтініш беру мүмкіндігі бар.
Негізгі ҰБТ-ға қатыса алады:
- 2025 жылғы мектеп және колледж түлектері;
- мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
- шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
- қандастар;
- ЖОО-да шартты түрде білім алушылар.
ЖОО-ға шартты негізде қабылданған студенттер мен колледж түлектеріне төмендегі бес күннің бірін таңдау ұсынылады:
- 30 мамыр;
- 4 маусым;
- 9 маусым;
- 12 маусым;
- 16 маусым.
Ал қандастарға келесі алты күннің бірін таңдау ұсынылған:
- 30 мамыр;
- 4 маусым;
- 9 маусым;
- 12 маусым;
- 16 маусым;
- 28 маусым.
Тест тапсыру орны, күні мен уақыты өтініш беру кезінде талапкердің өз таңдауымен белгіленеді.
Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.