Ұлттық тестілеу орталығы Шығармашылық ҰБТ бойынша түсініктеме берді. 

Орталықтың хабарлауынша, шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер ҰБТ-ны 2 пәннен тапсырады. Олар: Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы.

Сондай-ақ ҰБТ-ны 5 пәннен тапсырып, шығармашылық бағытты таңдауға мүмкіндік бар.

  • Қазақстан тарихы – 20 сұрақ, шекті балл – 5;
  • Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ, шекті балл – 3.

Тестілеу ұзақтығы – 70 минут.


Оқи отырыңыз: 6 мамырда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады. Тест тапсырушылар не білу керек


Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсуші колледж  түлектері үшін ҰБТ арнайы пән бойынша өткізіледі.

  • Тест тапсырмалар саны – 40 (көп жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар).
  • Тестілеуге 80 минут уақыт беріледі.

Ал шығармашылық емтихан ЖОО қабырғасында өткізіледі.