Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы қаңтар айында өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде талапкерлер қандай бейіндік пәндерді таңдағанын жария етті.

Талдау талапкерлердің басым бөлігі "Математика-Физика", "Биология-Химия" пәндерін таңдағанын көрсетті. Алайда ҰБТ тапсырушылардың тілдік пәндерді таңдауға аса құмар емес. Өйткені, "Қазақ тілі-Қазақ әдебиеті" бейіндік пәндерін талапкерлердің бар болғаны 3 пайызы таңдаса, "Орыс тілі-Орыс әдебиеті" пәндерін таңдағандар үлесі 1 пайыздан әрең асады.

Ең төмен көрсеткіш – "Химия-Физика" бейіндік пәндері бойынша тіркелді (0,12%).


Оқи отырыңыз: 


Толық тізім:

  • Математика-Физика: 19,2%;
  • Биология-Химия: 18,6%;
  • Шығармашылық емтихан: 10,2%;
  • Математика-Информатика: 10%;
  • Ағылшын тілі-Дүниежүзі тарихы: 8,7%;
  • Биология-География: 8,6%;
  • Математика-География: 8,2%;
  • Дүниежүзі тарихы-Құқық негіздері: 6,1%;
  • Қазақ тілі-Қазақ әдебиеті: 3%;
  • Дүниежүзі тарихы-География: 2,9%;
  • География-Ағылшын тілі: 2,7%;
  • Орыс тілі-Орыс әдебиеті: 1,2%;
  • Химия-Физика: 0,12%.