ҰБТ-2023: Екі апта қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 137
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері орташа балл 70 балды құрайды.Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 86 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Шекті балды 78 пайызға жуық талапкер жинады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орташа балл – 70 балды құраса, ең жоғары балл – 137.
"ҰБТ екі лекте өткізіледі. Статистикаға сәйкес, таңғы лекте ҰБТ тапсырушылардың орташа балы түстен кейінгі лекте тапсыратын талапкерлерден жоғары. Қазіргі уақытта айырмашылық 4 балды құрайды: сәйкесінше 72 және 68 балл", – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Оқи отырыңыз: ҰБТ: Атыраулық оқушы республика бойынша ең жоғары балл жинады
Тестілеу аяқталғаннан кейін әрбір талапкер қандай тақырыптар бойынша қателіктер жібергенін көріп, тақырыптық талдау алады.
"Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлер "оқу сауаттылығы" пәнінен орташа есеппен, сұрақтардың 79 пайызына дұрыс жауап берген. Ал "химияны" тапсырған талапкерлер тек 36 пайыз тапсырманы дұрыс орындаған. Олар үшін "стандартты электродтық потенциалдар, тотығу-тотықсыздану реакциялары" тақырыбы қиын болды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері бойынша біз тек сандар емес, сонымен қатар тақырыптар бойынша егжей-тегжей талдауды да ұсына аламыз", – деді Руслан Емелбаев.
Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптаның ішінде 230 талапкер қатысты.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?