Түркістан тұрғыны мектепке жұмысқа тұру үшін алаяққа 2 миллион теңге берген
Аталған факті қылмыстық кодекстің 190-бабы"алаяқтық" бойынша тіркелді.Түркістан облысының тұрғыны мектепте жұмыс тауып бергені үшін алаяққа 2 миллион теңге берген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жергілікті тұрғын Келес аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған. Айтуынша, танысын мектепке жұмысқа орналасуға көмектесемін деген желеумен 2 миллион теңгеге жуық ақша алған әйел уәдесін орындамаған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "алаяқтық" бойынша тіркелді.
Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол әйел алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.