Аталған факті қылмыстық кодекстің 190-бабы"алаяқтық" бойынша тіркелді.
Түркістан облысының тұрғыны мектепте жұмыс тауып бергені үшін алаяққа 2 миллион теңге берген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жергілікті тұрғын Келес аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған. Айтуынша, танысын мектепке жұмысқа орналасуға көмектесемін деген желеумен 2 миллион теңгеге жуық ақша алған әйел уәдесін орындамаған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "алаяқтық" бойынша тіркелді.
Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол әйел алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63