Тікелей эфир

Алаяқтың 50 iPhone әперемін дегеніне сенген Шымкент тұрғыны 4 млн теңгесінен айырылды

Алаяқ қымбат телефонды көтерме бағамен жеткізіп беруге уәде еткен.

Шымкент қаласында танысына көтерме бағамен iPhone 13 ұялы телефонының 50 данасын алып беремін деп уәде етіп, алған ақшасын жымқырған тұрғын қолға түсті, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға 15 қарашада кешкі сағат 18:54-те орын алған. Төрт ай бұрын танысқан танысы құны қымбат iPhone 13 ұялы телефондарын көтерме бағамен әкеліп беремін деп алдап соққан. Бұл туралы Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 36 жастағы тұрғыны арызданған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді.

Ол Шымкент қаласының жұмыссыз 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Полицейлер күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Оқи отырыңыз: Өзгелердің атынан 10 несие рәсімдеген теміртаулық алаяқ ұсталды


 

Серіктестер жаңалықтары