Қыркүйек айында Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің VIII отырысында киелі шаһарға осындай мәртебе беру қарастырылады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Мамандар Түркістанға ұшатын шетелдік әуе рейстерінің санын арттыруды да жоспарланып отыр. Қазан айынан бастап "Түркістан – Әбу-Даби", ал жыл соңына дейін "Түрістан-Самарқан" бағыты бойынша рейс ашу жоспарланған.

Биыл өңірге туристердің көп барып жатқаны байқалады. Былтыр 470 мыңнан астам турист тіркелген, биыл жыл басынан бері 100 мыңға жуық саяхатшы барған.

"Келер жылға Түркістанды туристік астана деп жариялау үшін жыл бойы жүзеге асатын іс-шаралардың жоспарын алдын ала ұсынамыз. Қазір анкетасы толтырылып жатыр. Соның аясында іс-шаралардың бәрі түркі тілдес елдердің туристік ұйымдарында жарнамаланады", – деді облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдаулет Медеуов.