Тікелей эфир

Түркістан 2024 жылы түркі әлемінің астанасы болуы мүмкін

Биыл Түркістанға туристер көп баратыны байқалады. Былтыр қалаға 470 мыңнан астам турист барған, биыл жыл басынан бері туристердің саны 100 мыңға жуықтады.

Қыркүйек айында Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің VIII отырысында киелі шаһарға осындай мәртебе беру қарастырылады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Мамандар Түркістанға ұшатын шетелдік әуе рейстерінің санын арттыруды да жоспарланып отыр. Қазан айынан бастап "Түркістан – Әбу-Даби", ал жыл соңына дейін "Түрістан-Самарқан" бағыты бойынша рейс ашу жоспарланған.

Биыл өңірге туристердің көп барып жатқаны байқалады. Былтыр 470 мыңнан астам турист тіркелген, биыл жыл басынан бері 100 мыңға жуық саяхатшы барған.

"Келер жылға Түркістанды туристік астана деп жариялау үшін жыл бойы жүзеге асатын іс-шаралардың жоспарын алдын ала ұсынамыз. Қазір анкетасы толтырылып жатыр. Соның аясында іс-шаралардың бәрі түркі тілдес елдердің туристік ұйымдарында жарнамаланады", – деді облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдаулет Медеуов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары