Тікелей эфир

Түркістанда колледж оқытушысы қымыздан балмұздақ жасап шығарды

Жадыра Байдалы емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын да шығара бастады.

№11 Түркістан колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша дәріс беретін оқытушы Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жаңа жобаның мақсаты – ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отта дайындалады және оның құрамы өзгермей, табиғи құндылығын сақтайды. 

"Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы", – дейді Жадыра Байдалы.

Оның айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Жадыра Байдалы емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын да шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко-өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр. 

Серіктестер жаңалықтары