Тамара Дүйсенова университеттерді лигаларға бөлуге қатысты жауап берді
Жоғары оқу орындарын лицензиялау ең төменгі талаптар негізінде жүзеге асырылады.Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, қаржыландырудың жаңа моделі бойынша түсініктеме берді.
Сенат депутаттарының сауалына жауап берген Тамара Дүйсенова жаңа қаржыландыру түрі гранттарды саралау, жеңілдікпен кредиттеу, жоғары білім сапасын QS, THE-пен әріптестікте тәуелсіз ұлттық рейтингі арқылы бағалау арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Ол кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ.
"ЖОО-ға түсу кезінде гранттар мен ҰБТ шекті балдарын саралау қолданыстағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге қатысты заңнамада белгіленген. Тиісінше гранттардың құны кадрларды даярлау деңгейіне, отандық және шетелдік университеттердің филиалдарында білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасы мен шарттарына байланысты өзгереді. Өз кезегінде, жоғары оқу орындарын лицензиялау ең төменгі талаптар (мемлекеттік реттеу мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейі) негізінде жүзеге асырылады", – деді Тамара Дүйсенова.
Оқи отырыңыз:
- Талғат Нәрікбаев: Сапасыз маман даярлайтын университеттер бюджет ақшасын қайтаруы керек
- Бағалар мен қызыл диплом құнсызданды. Академиялық адалдық лигасы жоғары оқу орындарына қалай көмектеседі?
Осылайша, қолданыстағы жүйеде қарастырылған кадрларды даярлау сапасына ынталандыруға негізделген тетіктер жоғары оқу орындарын бағалаудың бірыңғай ережелері мен әдістерін айқындай отырып, одан әрі жүйелеуді талап етеді.
"Қазіргі уақытта Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жұмыс тобы шетелдік ұйымдармен (QS WUR, THE) серіктестікте жоғары оқу орындарын бағалау және саралау бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді, оның ішінде халықаралық (Scopus, Web of Science және т.б.) және ұлттық базалармен кіріктірілген (Еңбекмині, Smart Data Ukimet, ғылым және жоғары білім саласындағы ақпараттық жүйелермен және мүдделі мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады) университеттердің цифрлық рейтингісінің жобасын әзірледі. Бұл ЖОО-ларды объективті бағалауды және оларға жүктемені азайтуды қамтамасыз етеді. 2025 жылдың қаңтарынан бастап апробациядан өткізу жоспарлануда", – деді үкімет басшысының орынбасары.