Талдықорғандық ана баласын тәртіпке салу үшін сарайға қамап тастаған
9 жастағы ұл бала бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды.Артём Лебедев әлі он жасқа да толмаған. Соған қарамастан өз анасы оны бірнеше рет соққының астына алған. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Бастеев мәлімдеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына Талдықорған қаласының білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, облыстық балалар омбудсмені, әлеуметтік сала өкілдері кірді.
"Комиссия мүшелері Лебедевтер отбасы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеді. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда және толық бейберекеттікте өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдікті жиі пайдаланатынын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Светалана Лебедева 9 жастағы ұлы Артемді аязды күні сарайға қамап қойған", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түбінде қандай мәселелер жатыр? Сарапшылар пікірі
Қамқоршылық органдары Жетісу өңірі бойынша өкілдіктің бастамасымен сотқа әйелді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызбен жүгінді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр. Үлкен баласын өз анасынан қорғау мақсатында Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастыруда.