Биыл 162 мың талапкер ҰБТ тапсырды. Оның 135 мыңы шекті балл жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 83% пайызы. Орташа балы 73 балл, ең жоғары көрсеткіш – 137 балл. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев 2023 жылғы ҰБТ қорытындысын баяндады. 

"Биыл ҰБТ-да бір де бір бөгде тұлға анықталған жоқ. Естеріңізге сала кетсем, 2021 жылы бұндай 18 дерек, 2022 жылы бір дерек анықталған еді. ҰБТ өткіп жатқанда 402 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды", – деді Руслан Емелбаев.

Ол барлық бейнежазба 2023 жылғы 31 қазанға дейін талданатынын да айтты. Тыйым салынған заттарды қолдану фактілері анықталса, талапкер білім беру грантынан айырылады.

Негізгі ҰБТ-2023 барысында аппеляцияға беруге 50 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 805-і қанағаттандырылды.

Руслан Емелбаев ҰБТ-дағы биылғы өзгерістер туралы дай айтты.

"Біріншіден, өазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша тест тапсырмаларының саны өзгерді. Енді қазақстан тарихының бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады, оқу сауаттылығынан 15 тест сұрағы ұсынылады. Екіншіден, 2022-2023 оқу жылынан бастап информатика пәні ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясының тізіміне енді. Осыған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер «математика-информатика» комбинациясы бойынша ҰБТ тапсырды", – деді ол. 


Рууслан Емелбаевтың айтуынша, 13-20 шілде аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда негізгі ҰБТ аяқталды. Тест тапсырушылардың көрсеткіші қандай?