Таяу Шығыс елдерінен бүгін қанша адам Қазақстанға оралды
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:
- KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
- KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
- KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
- KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам.
Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр.
Ұшақта шамамен 290 орын бар. Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.