USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Таяу Шығыстағы ахуал: FlyArystan Ақтау – Дубай рейстерін уақытша тоқтатты

Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan
FlyArystan жолаушыларды қайтару шараларын қолға алды.

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерін Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен өңірдегі шектеулерге байланысты уақытша тоқтатты. Әуе компания бұл шешім жолаушылар үшін қолайсыздық туғызатынын түсінетінін және қазақстандықтарды елге қайтару үшін бар күшін жұмылдырып жатқанын мәлімдеді.

Қолданыстағы халықаралық әуе тасымалы қағидаларына сәйкес, форс-мажор жағдайында тасымалдаушының міндеттемелері билет құнын қайтарумен немесе мүмкіндік болған жағдайда баламалы тасымалдауды ұсынумен шектеледі. Соған қарамастан, компания жолаушыларға әрі қарайғы әрекеттерді үйлестіруге уақыт беру үшін оларды өз есебінен бір тәулікке тұру орнымен қамтамасыз еткен.

"Әуе компаниясының жергілікті өкілдері жолаушылармен байланыста болып, ақпараттық қолдау көрсетуде. Қазіргі уақытта FlyArystan Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдарынан рейсті орындауға рұқсат күтуде және Қазақстанның авиациялық билік органдарымен тұрақты байланыс орнатқан. Сонымен қатар, өңірдегі авиациялық қауіпсіздік тәуекелдеріне дербес бағалау жүргізіліп жатыр. Барлық қажет рәсімдер келісіліп, қауіпсіздік тәуекелдері толық бағаланғаннан кейін жолаушыларды қайтарудың күні, уақыты және форматы туралы шешім қабылданады. Бұл жөнінде жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабарланады", – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, қайтару рейсіне отырғызудың міндетті шарты – FlyArystan әуекомпаниясының Дубай – Ақтау бағыты бойынша пайдаланылмаған билетінің болуы.

Сондай-ақ 28 ақпан, 7 наурыз және 10 наурыз күнгі рейстердің жолаушыларына билеттің толық құнын қайтару немесе сатып алынған арна арқылы тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылған.

Әуе компания жолаушылардан дипломатиялық және мемлекеттік органдардың ресми хабарламаларын қадағалап, байланыста болуды және брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірі мен электрондық поштаның өзекті болуын қамтамасыз етуді сұрады. FlyArystan жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз