Таяу Шығыстағы Қазақстан азаматтарына тегін байланыс пакеттері қосылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазақстан Таяу Шығыстағы азаматтарға арнайы байланыс пакеттерін іске қосты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарды қолдау шаралары туралы мәлімдеді.

Министрлік отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттерін іске қосты. Бұл пакеттер аталған елдер аумағында болған кезде интернетті және қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қолдау шаралары туралы толық ақпаратты мобильді операторлардың ресми сайттары мен қосымшаларынан алуға болады. Сонымен қатар азаматтар Қазақстан Республикасының ресми қызметтері мен елшіліктерінің ұсынымдарын сақтауға, жеке қауіпсіздікке және жақындарының амандығына ерекше назар аударуға шақырылды.

Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, шетелдегі отандастарға қажет қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыратынын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз