Шыңғыс Мұқан, Аятжан Ахметжан, Гүлбану Майғарина. Тұңғыш қазақ тіліндегі бизнес форумда кімдерді тыңдауға болады
Форумның басты мақсаты – қазақы іскерлік ортаны қалыптастыру.13 қазанда Алматыда Қазақстандағы тұңғыш қазақша форумның екінші кезеңі – "Sana Business Forum 2.0" өтеді.
Бұл форум – бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер мен сала мамандарының арасында байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашудағы кәсіби платформа. Оның басты мақсаты – қазақы іскерлік ортаны қалыптастыру.
"Форумның ана тілімізде өтуі – іскерлік тілді қазақыландыру жолындағы маңызды қадам. Бұл шара қазақ тілінде өтетін үлкен кәсіби жобаларға бастама болады", – делінген ресми хабарламада.
Форум спикерлері:
- Мақсат Халық – Sana Foundation Қоғамдық Қорының, Sana Business Academy төрағасы,
- Арслан Назаралиев – SONA Lab, Med Progress, Nomad, Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы.
- Аятжан Ахметжан – Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы.
- Болатбек Дәлелханұлы – Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры
- Гүлбану Майғарина – Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы.
- Ерлан Андаспаев – Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы.
- Шыңғыс Мұқан – Mazmundama және Coffee Book жобаларының негізін қалаушы.
- Асхат Нұрмашев – кәсіпкер, венчурлық инвестор және IT саласының маманы. Asarume қоғамдық қорының негізін қалаушы.
Оқи отырыңыз: "Қазақ тілі" қоғамы бизнес ағартушылыққа қолдау танытты
Форумның басты баяндамалар тақырыптары:
- Экономикалық трендттер және бизнес;
- Халықаралық брендпен бизнес: Дистрибуцияның құпиялары;
- Аз уақыт ішінде үлкен нәтижелерге жету жолы;
- Идеядан империяға: Шағын бизнесті масштабтаудың сәтті кейстері;
- Сату және маркетинг: Әлеуметтік желілерде компания өнімдерін тиімді жылжыту стратегиялары;
- Бизнес және қателіктер: Мен құлаған 10 шұңқыр;
- Креативті маркетинг: қарапайым кәсіпті танымал брендке айналдырудың құпиялары;
- Бәсекелестерден бір қадам алда: Sana Lab-тың тиімді бизнес модель құру жолы;
- Технология мен креатив: Бәсекеге қабілетті өнімдерді әзірлеудің инновациялық тәсілдері;
- Чемпионның формуласы: Мақсатқа жетелейтін мызғымас қағидалар;
- PR және бизнес: Қоғаммен байланыста шынайы ықпал мен бедел құру.
Форум туралы толығырақ оның ресми сайтында оқуға болады.