Тікелей эфир

Шыңғыс Мұқан, Аятжан Ахметжан, Гүлбану Майғарина. Тұңғыш қазақ тіліндегі бизнес форумда кімдерді тыңдауға болады

Форумның басты мақсаты – қазақы іскерлік ортаны қалыптастыру.

13 қазанда Алматыда Қазақстандағы тұңғыш қазақша форумның екінші кезеңі – "Sana Business Forum 2.0" өтеді. 

Бұл форум – бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер мен сала мамандарының арасында байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашудағы кәсіби платформа. Оның басты мақсаты – қазақы іскерлік ортаны қалыптастыру. 

"Форумның ана тілімізде өтуі – іскерлік тілді қазақыландыру  жолындағы маңызды қадам. Бұл шара қазақ тілінде өтетін үлкен кәсіби жобаларға бастама болады", – делінген ресми хабарламада. 

Форум спикерлері: 

  • Мақсат Халық – Sana Foundation Қоғамдық Қорының, Sana Business Academy төрағасы,
  • Арслан Назаралиев – SONA Lab, Med Progress, Nomad, Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы.
  • Аятжан Ахметжан –  Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы.
  • Болатбек Дәлелханұлы – Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры
  • Гүлбану Майғарина –  Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы.
  • Ерлан Андаспаев –  Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы.
  • Шыңғыс Мұқан –  Mazmundama  және Coffee Book жобаларының негізін қалаушы.
  • Асхат Нұрмашев –  кәсіпкер, венчурлық инвестор және IT саласының маманы. Asarume қоғамдық қорының негізін қалаушы.

Оқи отырыңыз: "Қазақ тілі" қоғамы бизнес ағартушылыққа қолдау танытты


Форумның басты баяндамалар тақырыптары:

  • Экономикалық трендттер және бизнес;
  • Халықаралық брендпен бизнес: Дистрибуцияның құпиялары;
  • Аз уақыт ішінде үлкен нәтижелерге жету жолы;
  • Идеядан империяға: Шағын бизнесті масштабтаудың сәтті кейстері;
  • Сату және маркетинг: Әлеуметтік желілерде компания өнімдерін тиімді жылжыту стратегиялары;
  • Бизнес және қателіктер: Мен құлаған 10 шұңқыр;
  • Креативті маркетинг: қарапайым кәсіпті танымал брендке айналдырудың құпиялары;
  • Бәсекелестерден бір қадам алда: Sana Lab-тың тиімді бизнес модель құру жолы;
  • Технология мен креатив: Бәсекеге қабілетті өнімдерді әзірлеудің инновациялық тәсілдері;
  • Чемпионның формуласы: Мақсатқа жетелейтін мызғымас қағидалар;
  • PR және бизнес: Қоғаммен байланыста шынайы ықпал мен бедел құру. 

Форум туралы толығырақ оның ресми сайтында оқуға болады. 

Серіктестер жаңалықтары