USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

"Қазақ тілі" қоғамы бизнес ағартушылыққа қолдау танытты

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы мен Sana foundation қоғамдық қоры арасында бірлескен меморандумға қол қойылды.

Кездесуде кәсіпкерлік саласында қазақ тілінің мәртебесін арттырудың жолдары мен қолдану аясын кеңейту жобалары талқыланды.

Меморандумға тұңғыш қазақ тіліндегі экономикалық-бизнес форумын ұйымдастырған, кәсіпкерлік ағартушылықпен айналыса отырып, зияткерлік, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын Sana foundation атынан  белгілі экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық қол қойды.  

Рауан Кенжеханұлы және Мақсат Халық

Іскерлік этика мен кәсіпкерлік кодты қалыптастыруды мақсат еткен келісім бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен форумдар өткізуге, бизнес әдебиет пен материалдарды көбейтуге, қазақ тілінде сапалы медиа және онлайн контентті дамытуға негіз болады.  

Сондай-ақ, кәсіпкерлік жауапкершілік негізінде зияткерлікті қалыптастыру мен ағартушылықты трендке айналдыру мақсатында әлеуметтік жобалар легі жүзеге асырылмақ.   

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз