Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ балалар қоры бірлесе отырып жаттықтырушыларды даярлауды бастады. Олар (CST шеңберінде) даму барысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына жәрдемдеседі. 

Шымкентте болашақ 14 жаттықтырушының бірінші тобын оқыту 19-23 шілдеде өтеді. Жаттықтырушылар керек білім мен дағдыны игерген соң, тәжірибесін 56 бала және олардың ата-анасымен бөліседі. 

Оқу курсына:

  • материалдарды бейімдеу;
  • жаттықтырушыларды даярлау;
  • мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді. 

Бағдарламаның мақсаты:

  • психикалық және физикалық денсаулығында кінәраты бар, 2-9 жас аралығындағы аутист балаларға көмектесу;
  • ата-ана мен баланың өзара түсінісуіне көмектесу;
  • отбасы өміріне араласу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту;
  • ата-аналарға жүйке жүйесіне салмақ түсірмеуге көмектесу. 

Еске сала кетейік, CST (Caregiver Skills Training) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.