Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ балалар қоры бірлесе отырып жаттықтырушыларды даярлауды бастады. Олар (CST шеңберінде) даму барысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына жәрдемдеседі.
Шымкентте болашақ 14 жаттықтырушының бірінші тобын оқыту 19-23 шілдеде өтеді. Жаттықтырушылар керек білім мен дағдыны игерген соң, тәжірибесін 56 бала және олардың ата-анасымен бөліседі.
Оқу курсына:
- материалдарды бейімдеу;
- жаттықтырушыларды даярлау;
- мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді.
Бағдарламаның мақсаты:
- психикалық және физикалық денсаулығында кінәраты бар, 2-9 жас аралығындағы аутист балаларға көмектесу;
- ата-ана мен баланың өзара түсінісуіне көмектесу;
- отбасы өміріне араласу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту;
- ата-аналарға жүйке жүйесіне салмақ түсірмеуге көмектесу.
Еске сала кетейік, CST (Caregiver Skills Training) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.
USD:
460.9 / 463.7
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.97 / 6.09