Шымкентте 14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа тартқан адам Ресейден табылды
Ол Новосибирск қаласында жасырынып жүрген.Бас прокуратура 16 жасқа толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен азаматты Ресейден экстрадициялады.
Дереккөзге сүйенсек, ол 2023 жылғы қыркүйекте Шымкентте пәтер жалдап, 14 жасар қыз баланы жыныстық қатынасқа тартқан.
"Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ол биыл сәуір айында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында жүрген жерінен ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдаған", – деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: 3 жылда 2,5 мыңға жуық балаға қатысты жыныстық қылмыс жасалған. Қай өңірлер көш бастап тұр?
Күдікті тергеу изоляторына қамалған.