Шымкентте 14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа тартқан адам Ресейден табылды

Ол Новосибирск қаласында жасырынып жүрген.

Бас прокуратура 16 жасқа толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен азаматты Ресейден экстрадициялады.

Дереккөзге сүйенсек, ол 2023 жылғы қыркүйекте Шымкентте пәтер жалдап, 14 жасар қыз баланы жыныстық қатынасқа тартқан. 

"Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ол биыл сәуір айында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында жүрген жерінен ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдаған", – деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз