Енді сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады, деп хабарлады "ҰАТ" АҚ қоғаммен байланыс басқармасы.

Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен:

  • азаматтық қызметке кіру кезінде;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады.

Бұған дейін мәліметтерді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның өңірлік басқармалары азаматтардың жеке өтініштері бойынша "Е-otinish" азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы алуға болатын. 


Оқи отырыңыз: 


Мәліметтер жұмыс берушіге ұсынылғаннан кейін, жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. Еңбек кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына жол берілмейді.

eGov.kz порталында жаңа қызметті алу үшін пайдаланушылар:

  • порталда авторизациядан өтуі;
  • басты бетте "Азаматтарға" – "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" – "Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу" бөлімін таңдауы;
  • "Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру" қызметін таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басуы;
  • қызметке ЭЦҚ қоюы және алуы қажет. 

Қызмет көрсету мерзімі:

  • 10 минут;
  • қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні;
  • қосымша тексеру жүргізілген жағдайда, 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды алған сәттен бастап 20 жұмыс күні өткен соң қайта өтініш беру қажеттігі туралы аралық жауап жолданады.