Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының Өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімінің бас маманы Марат Ернұр Ержанұлы жалпыға бірдей декларацияны тапсырарда нені ескеру қажет екенін түсіндірді. Бас маманның айтуынша, бұл бұл жадынама жеке тұлғаларға жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің декларанттарына, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынуға көмектеседі.  

Азаматтар декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсынады. Декларация 2023 жылғы 31 желтоқсанға жасалады.

"Бүгінгі таңда жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі аясында, яғни бірінші 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелерді заңды тұлғалардың басшылары мен қатысушылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ, олардың жұбайлары тапсырады. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру. Сондай-ақ жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендетеді. Декларацияны азаматтар 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыруы қажет. Оны азаматтар салық төлеуші кабинет, электронды үкімет порталы арқылы, e-salyk мобильді жүктемесі арқылы тапсыра алады", – деді Марат Ернұр. 

Мұнымен қатар Марат Ернұр алда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтады. 

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабының 1-тармағына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау – алдын ала ескертуге әкеп соғады. Бұл ретте "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер-15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", – деді ол. 

Үшінші кезең декларанттарына келесілер жатады:

  • заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
  • жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
  • 2023 жылы жұмысқа қабылданған және 2024  жылғы 1 қаңтарда болып табылатын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы 4 миллионға жуық адам декларация тапсырады. Не білу керек?


Маңызды!

1. Декларацияны дербес ұсынбас бұрын Сіз жеке кәсіпкер екеніңізді немесе қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның басшысы екеніңізді немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде  екеніңізді мына сілтемелер арқылы тексеріңіз:

Егер Сіз кәсіпкерлік қызметті жалғастырғыңыз келмесе, онда заңды тұлғаның  немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемелекеттік кірістер органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беруді ұсынамыз.

2. "Кіріс" декларациясында нені көрсету керек?

Декларацияда шетелдегі мынадай активтерді:

  • жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін;
  • көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелерді;
  • әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді;
  • ҚР тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
  • шетел банкіндегі банктік шоттардағы барлық банктік салым бойынша жиынтық сомасы 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын ақшаны көрсету керек. 

Сондай-ақ декларацияда Қазақстандағы немесе шетелдегі мынадай мәліметтерді көрсету қажет:

  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдарын;
  • цифрлық активтерді;
  • инвестициялық алтынды;
  • зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерін;
  • 10 000 АЕК-ке дейін (34 500 000), оның ішінде банк ұяшықтарындағы қолма-қол ақшаны;
  • жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын көрсету керек.

Қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын кез келген мүлікті – мәдени құндылықтарды, қымбат заттарды, антиквариатты, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай мүлікті тәуелсіз бағалаушыдан 2023 жылғы 31 желтоқсанда дейін бағалау қажет.


Оқи отырыңыз: 2025 жылға қарай 13 млн қазақстандық декларация тапсырады. Олар нені ескеруі керек?


3. Декларация толтырылғанға дейін Сіз декларациялауға жататын Қазақстандағы жекелеген мәліметтердің анықтығын мынадай сайттарға дербес өту арқылы тексере аласыз: 

  1. Бағалы қағаздары бойынша https://portal.kacd.kz.
  2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz.
  3. Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;  https://newcab.kazpatent.kz.
  4. Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu.
  5. Қарыз шарттары бойынша Doculite жүйесі арқылы осы Жаднамаға қоса берілген нысанға сәйкес республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жолдау қажет.

Егер Сіз мәліметтердің анықтығымен келіспесеңіз, тікелей уәкілетті органға жүгінуіңіз керек: 

  • бағалы қағаздар бойынша – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (тел. 8 777 780 6643, ccmail@kacd.kz );
  • үлестік қатысу бойынша – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (тел. 8(7172)576471, 576150, 576479  "E-Otinish" азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы);
  • зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық бойынша – ҚР Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (тел. 87172 621511, 621514 kazpatent@kazpatent.kz);
  • сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ ( kence_nao@gov4c.kz, 1414);
  • қарыз шарттары бойынша - Республикалық нотариаттық палата (тел. 8 (7172) 50 88 26 , 8 (7172) 50 88 34 ). 

Оқи отырыңыз: ЕGov порталында декларация тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды


4. Активтер мен міндеттемелер туралы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нақтыланғаннан кейін осы мәліметтер Декларацияда көрсетілуі қажет. 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық (250.00-нысан) мынадай сілтемелер бойынша орналастырылған:

https://youtu.be/A5vPs_y9DY0?feature=shared

https://youtu.be/33MzJR1DL6I?feature=shared 

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

  • v  e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары;
  • v  eGOV, moldir.goldau.kz web-порталы;
  • v  cabinet.salyk.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті. 

Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз 1414 Байланыс орталығына не мына телефон нөмірлері бойынша жүгіне аласыз: 

  • Абай облысы бойынша МКД 8 (7222) 362222, 87771531734, 87779907055;
  • Ақмола облысы бойынша МКД 8 (7162) 72 11 65, 87014232655;
  • Ақтөбе облысы бойынша МКД 87012104192, 87016413885;
  • Алматы облысы бойынша МКД 8 (7277) 228363, 87763073737, 87755205052;
  • Атырау облысы бойынша МКД 8 (7122) 318431, 87017493655;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД 8(7232)702429, 87054157467;
  • Алматы қаласы бойынша МКД 8(7272) 676926, 87757060082, 87474470258;
  • Астана қаласы бойынша МКД 8 (7172) 773170, 87028649191;
  • Шымкент қаласы бойынша МКД 8 (7252) 354677, 214504, 87026606860;
  • Жамбыл облысы бойынша МКД 8 (7262) 568541, 87011406202, 87766713077;
  • Жетісу облысы бойынша МКД 8 (7282) 601197, 87714573272;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7112) 243288, 87051103900;
  • Қарағанды облысы бойынша  МКД 8 (7212) 410942, 87012553675;
  • Қостанай облысы бойынша 8 (7142) 534951, 8-775-512-34-30;
  • Қызылорда облысы бойынша МКД 8(7242) 400105 вн.4013, 87014369393;
  • Маңғыстау облысы бойынша МКД 8 (7292) 301310 вн.1159, 87020773373;
  • Павлодар облысы бойынша МКД 8(7182) 535572, 87058344002;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 8(7152) 500062, 8(7152)363769;
  • Түркістан облысы бойынша МКД 8 (7253) 357659, 87025096131;
  • Ұлытау облысы бойынша МКД 8(7102)733972, 87765628686.

Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап декларация ұсынбаған жеке тұлғаға қандай жаза қолданылады


QR кодын сканерлеңіз, Сіз декларацияны толтыру жөніндегі бейне нұсқаулыққа қолжеткізе аласыз, сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялау бойынша көптеген басқа да сұрақтарға жауап ала аласыз.