Шоу мен шашуға тыйым. Өзбекстанда той өткізу қатаң бақылауға алынады
Қосарланған тойға қатысатын адам саны 250-300 адамнан аспауы қажет.
Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі 589-санды қаулысына сәйкес, Save Food бағдарламасы аясында тойлар, салтанатты рәсімдер мен отбасылық шаралар белгіленген тәртіп негізінде бақылауға алынады, деп жазды UzA ақпарат агенттігі.
Өзбекстанда 2026-2030 жылдар "Азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті кезеңі" деп жарияланды. Бұл кезеңде артық ысыраптың алдын алу, халықты жеткілікті әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылмақ.
Қаулыға сәйкес, той және салтанатты шаралар:
- 2019 жылы бекітілген ереже негізінде өтеді;
- Отбасылық жиындарға – 200 адамға дейін;
- Ас (қонақасы) рәсімдеріне – 250 адамға дейін қонақ қатыса алады;
- Қосарланған тойлар мен асарға – 250-300 адамға дейін.
Ұлттық дәстүрлерге сай келмейтін, артық уақыт пен шығынды талап ететін әдет-ғұрыптар мен шоу түріндегі шараларға тыйым салынады.