Синоптиктер болжамы: Қазақстанның солтүстігінде күн күрт суытады
Түнде ауа температурасы кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендейді."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 2-4 қарашада Қазақстанның солтүстік жартысында күн суытса, оңтүстік жартысында аздап жылы болады.
Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жылы болады.
Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус, түнде -3...+5 градус аралығында болады.
Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер
"Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады және жел күшейеді. Елдің оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең республика бойынша тұман түседі", – деп жазылған хабарламада.